Жексенбідегі мәліметтер бойынша әлемде Covid-19 вирусын жұқтырғандарсаны 300 мынан асты, олардың 13 мыңнан астамы қаза тапты. Ал, аурудан айыққандарының саны 92 мың шамасында. 

Германия

Германия жексенбі де індетке қарсы шараларды қатаң режимге ауыстырды. Билік елдегі барлық кафе, ресторандарды жапты, басқа да қызмет көрсету орындары да жұмысын уақытша тоқтатты. Көше де және тұрғын үй маңында да екіден көп адамның бірге тұруына, жүруіне шектеу қойды.

Германия канцлері Ангела Меркель ханым да үй карантинде отыр. Себебі, жұма күні оның денсаулығын тексерген дәрігерінен коронавирус инфекциясы анықталған.

Ағылшын аралында

Британия мен Ирландияда індетке байланысты McDonald's жабылды. Жабылар алдында аталған тағам желісі медицина қызметкерлеріне тегін гамбургер таратқан.

Ағылшын билігі аралда вирустың таралуы күшейіп кеткенін растады. Британияның өзінде індетке шалдыққандар 5 мыңнан, ал қаза болғандар 250-ге жуықтады.

Франция

Францияда жағдай бұдан әлде қайда ауыр. Вирус жұқтырғандар саны 16 мыңнан асып, 674 адам көз жұмған. 7200-ден астам науқас арнайы медициналық көмекпен жан сақтап жатыр.

Италия

Еуропада індеттен ең көп зардап шеккен Италияда 3000-нан астам адам көз жұмып, вирустан қазақ болғандар саны Қытайдан да асып түсті. Өткен бір тәуліктің өзінде 800 адам қаза болып, рекордтық көрсеткішке жетті.

Аустралия (Австралия)

Алыс Аустралиядағы жағдай Еуропадан жеңілірек. Мектептер қалыпты сабақ өтуде. Тек, ата-аналар баласын мектепке жібермеуге құқылы. Бірақ, жұрт көп жиналатын кинотеатр, клуб, театр, спорт кешендері жабылған.

Елде вирус жұқтырғандар саны 1300 шамасында.

Үндістан

Дели билігі елде 14 сағаттық коменданттық сағат енгізді. Егер бұл інжеттің таралуына өнімді тосқауыл қойса үкімет бұны табанды атқаруға күш салмақ. Ел азаматтарының бұл ережеге бағынбай жатқандары өте көп.

Иран

Теһран (Тегеран) билігі індетке қарсы тұру үшін АҚШ ұсынған көмекті кері қайтарды. Елдің рухани көсемі Аятолла Хоменей Құрама Штаттың көмек бергісі келгенін күмәнді әрекет ретінде бағалады және "Корнонавирусты АҚШ өзі ойлап тапқан болуы мүмкін" деген сөзін қайталады.

Тайландта вирусқа шалдыққандар чаны 600 адамға жетті. Елдің орталық қаласы карантинге алынуы мүскін.

Оңтүстік Кореяда жағдай бірқалыпты. Елдегі шектеуге қарамастан кешегі күні шіркелерге жиналып құдайға жалбарынғандар көп болған.

Африка елдерінде індет жұқтырғандар ең аз тіркеліп келген еді. Соңғы еуі күнде шұғыл көбейді. Жексенбідегі мәлімет бойынша олардың саны 1200 шамасында.

"The Qazaq Times"