Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылар тобы Қытайға барды.

Мамандар Бейжіңнен бөлек Гуандун және Сычуань провинцияларына барып, коронавирус эпидемиясына қатысты қосымша мәлімет жинайды. Халықаралық топ құрамына 24 адам кіріп отыр. Олардың тең жарымы – қытайлық мамандар.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 72,4 мың адамға жетті. Оның 1868-і қайтыс болды. Ал 12,5 мың адам дертінен сауығып, ауруханадан шығарылды. Өткен тәулікте Қытайда 1886 адам коронавирус жұқтырған. Сонымен қатар, Қытайда ауру жұқтырушылармен қатынаста болған 150,5 мың адам дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған. Тағы 7,2 мың адам коронавирус күдігімен карантинге жатқызылды. Медицина мамандарының бағалауынша, елде 10,6 мың науқастың жағдайы тым ауыр.

"The Qazaq Times"