Жаһанға кең тарап кеткен жаңа тәж тәрізді виустың эпидемиясы 2022 жылдың бас шеніне қарай аяқталуы мүмкін. Мұндай мәлімдедмені Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағы бойынша негізгі өкілі Ханс Клюге жасады.
Бельгиялық маманның сөзінше, әлем елдері эпидемияның ең қауіпті кезеңінен өтті, бірақ әлі де вирус қатері сейілген жоқ. Қазіргі әлем елдеріндегі вирусқа қарсы күрес пен вакцинация үрдісінің қарқынына қарай отырып, жаһандық пандемия алдағы жылдың бас шеніне қарай аяқталуы мүмкін. Дегенмен, ДДСҰ мамандары пандемиядан кейін де адамзат коронавирустың салдарларымен, сондай-ақ оның туындауы мүмкін жаңа қатерлерімен бірге жасай бермек.
«Алда коронавирус жағдайының қандай болатынын ешкім тап басып айтып бере алмайды. 2021 жыл да тұтастай коронавирус жылы болары анық, бірақ 2020 жылға қарағанда індет жағдайын бақылауға ұстауға болады. Пандемия алдағы жылдың бас шенінде аяқталуы мүмкін, бұл әрине вирус таралуын тоқтатады деген сөз емес», – дейді Клюге.
Халықаралық денсаулық сақтау қауымдастығының өкілі білдіргендей, биылғы жылы мемелекеттер үшін коронавирустың мутацияланған түрі көбірек қиындық тудырады.