АҚШ және Азия елдерінің лауазымдыларының айтуына қарағанда, Солтүстік Кореяның қару-жарақты дамытуына Қытай кәсіпорындарының қолдау көрсетуі артып барады. Соған жауап ретінде, Трамп үкіметі Қытай компанияларына айыппұл көлемін арттыруды қарастырып отыр. Бұл туралы АҚШ-тағы танымал «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
АҚШ үкіметінің бұл қарары, осы аптадағы АҚШ мемлекеттік хатшысы Тиллерсонның Солтүстік Шығыс Азиядағы сапарының күн тәртібінен де орын алды. Ол Жапония, Корея, Қытай сапары барысында үш елдің басшыларымен отырыста, бұл мәселелерін биік көтермек. Солтүстік Кореяның ядролық қарулары мен баллистикалық зымырандарын тежеуге бағытталған саясатты орнықтырып кетпекші.
Тиллерсонның сапары Шығыс Азияға Трамп үкіметінің алғашқы жоғары дипломатиялық қадамы екенін бұрын да айтқан едік. Ол қазір Шығыс Азия елдері мен АҚШ арасындағы дипломатияның қылдай нәзік екенін сезініп отыр деуге болады. АҚШ лауазымдылардың айтуынша, АҚШ үкіметі Солтүстік Корей басшысы Ким Чен Ынның соңғы айлардағы қару сынау әрекеттерін жазалауда Қытайдың қолдауына барынша үміткер. Бірақ Қытай кәсіпорындары, қаржыгерлері, ұйымдасқан топтар Солтүстік Кореяның қару-жарақ дамытуына қолдау көрсетіп отырған жағдайда, Уашингтонның (Вашингтон) Бейжіңнен қолдау тілеп қарап отырмасы анық.
БҰҰ, АҚШ үкіметі және Жекелік барлау комитеті жақында бір қатар баяндамалар мен құқықтық құжаттарды жариялады. Онда Солтүстік Кореяның Қытай кәсіп орындарымен еркін байланыс жасауы Қытай аумағында Корея алдынғы компаниялардың қару-жарақ жабдықтарын еркін тасымалдауы сынды әрекеттердің толық тізімі қамтылған. Қытайдың бұл әрекеттері, соңғы бірнеше айда, Трамп пен Обама үкіметінің бірнеше қытайлық компанияға айыппұл мен санкция салуына себеп болды. Трамп командасындағы шенеуніктер әлде қашан ұсыныс жасап, Қытай Солтүстік Кореяның қару-жарақты дамыту ісіне бейресми қолдау көрсетуін тоқтатпаса, АҚШ Қытайға экономикалық, қаржылық қысым түсіреміз деп отыр.
Қытайдың Уашингтондағы бас елшілігі бұл қатарлы іске жауап бермей отыр. Алайда, Бейжің тарабы Солтүстік Кореяның көмір импортын тежеу арқылы БҰҰ салған санкцияны азайтуға тырысуда. Бұл Моңғолиядан Солтүстік Кореяға кіретін көмір тасымалына дәліз бермей отырғаны. Онысы Моңғолия мен Кореяны бірдей өз дегеніне көндіру үшін болса керек.
“The Qazaq Times”