7 ақпан, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Солтүстік Кореяға қаратылған санкция комитеті, Солтүстік Кореяның санкция шарттарын бұзу істерінің тексеру қортындысын жариялады. Бұл туралы қытайдың news.sina сайты хабарлап отыр.
Өткен жылы Египет теңіз айлағындағы әскери кемеден Солтүстік Кореяның қаруы табылған. Бұл Мысырдың оқ-дәрілер арасындағы ең қуаттысы болып тіркелген. Жапония Киодо ақпарат орталығы 8 ақпандағы хабарында, Солтүстік Корея санкциялардан жалтарудың амалын тауып, қару-жарақты дамытуды ауқымды түрде жалғастыруда деді. Әзірге дейін бұл қарулардың нақты мақсаты мен қолдану бағыты айқын емес. Киодо ақпарат орталығының айтысына қарағанда, Қауіпсіздік Кеңесінің Солтүстік Кореяға салған санкциясында қару-жарақ экспорттауына толықтай шектеу қойылған. Дегенмен, ядролық қару мен баллистикалық зымырандарды дамыту үшін қару-жарақ саудасын жасап отыр деуге болады.
Мысыр кемесінде табылған қарулар арасында портативті зымыран да кездеседі. Мысырлық үкімет бұл табылған қуатты қарулардан жалтарып, Мысырмен еш қатыссыз деп мәлімдеді. Ал жапондық Киодо ақпарат орталығы бұл қарулар Мысырдан сырт, Сүрия (Сирия) мен Африка елдеріне тасымалданған болуы мүмкін дейді. Сол елдермен арнаулы келісім жасалған деген болжамдарды дәлелдеп бағуда.
Солтүстік Кореяға қатысты қару-жарақ саудасы 2009 жылдан бастап белгілі болған. Сол кезде Бангкок әуежайында Солтүстік Корея өндірген портативті зымырандар тәркіленген еді. Оның арасында танкке қарсы зымырандар да бар. Қару-жарақтың жалпы салмағы 35 тоннаны құрайды.
Кидо жариялаған хабарда Солтүстік Кореяның санкциядан жалтаруы барған сайын үдеп келетінін айтты. Тіпті, санкциялардан жалтару мақсатында корей банктері мен шетелдік агенттіктерді де пайдалануды кеңейткен. Әлемдегі бір топ қаржы топтармен ақша аударымы үшін келісімдерге шақырған. Қазіргі кезде Солтүстік Корей экспорты ретінде минералдық ресурстар, көмірден тыс тиым салынған қару-жарақ экспортын құрап отыр.
Кореяның өткен жылы жасаған екі реткі ядролық сынағы мен бірнеше реткі баллистикалық зымыран сынағы үшін, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі санкцияларды екі мәрте күшейткен болатын. Аталған мәселемен арнаулы айналысып келе жатқан мамандар, бұл санкциялардың әлі де жетімсіздігін, Кеңес мүшелері жұмсақтық танытып отыр деп айыптады.
Солтүстік Корея ядролық мәселесі – әлемдегі ең даулы мәселе. Корея мен саяси қайшылықтағы және көршілес мемлекеттер өздеріне төнетін ядролық қауіпті азайту үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жүгінеді. Бірақ, Қауіпсіздік кеңесі салған санкциялардан жалтарып, қару-жарақ экспортын барған сайын кеңейтіп отырған Кореяға алда қатаң жаза қолдануы мүмкін. Халықарада еш бір елдің қабағына қарап сөйлегісі келмейтін бұл ел, жазаға қарсы соғыс қозғауы да әбден мүмкін. Ондағы сенетіні – өздеріндегі ядролық оқ тұмсықтар. Иран ядро мәселесі де қайта ушығуға бет алды. Бұл жыл халықаралық ядролық мәселедегі дау-дамайға толы жыл болары анық.
“The Qazaq Times”