Малайзия Көпжақты Сыртқы істер министрінің орынбасары Зайнал Абидин (H.E Ambassador Raja Nushirwan Zainal Abidin) бүгін, 20 ақпан, Солтүстік Корея елшісі Цзян Чжэмен кездесті. Корей елшісі 17 ақпанда БАҚ-қа берген мәлімдемесінде Малайзия үкіметін айыптаған болатын.

Малайзия Көпжақты Сыртқы Істер министрліг. Фото: Sina.NET

Бұл айыптаулар мен кездесулердің, Малайзияда Солтүстік Корей жоғары басшысының ағасына жасалған қастандық оқиғасы себебінен болып отырғанын естеріңізге саламыз. Кешегі күні, 19 ақпанда, Малайзия Королдік полиция органы қастандық жасау ісіне қатысы бар деген 11 адамды тұрақтандырған еді. Қазір олардан 4 адамды тұтқындап, 7 адамға қуғындау бұйрығын жариялағаны мәлім болып отыр. Бұл туралы Sina.Net агенттігі хабарлайды.

Малайзия Сыртқы істер министрі сөзінде: «Куала-Лампур әуежайындағы кісі өлтіру оқиғасы тосын жағдайда туылды, алайда Малайзия үкіметі қылмыстық істі тексеріп анықтауға барынша назар аударды, тергеу және анықтау ісін қалыпты түрде жүргізіп келеміз. Оқиға жалпы барысы толықтай ашылып болды деуге болады. Малайзия барлық актілерде өзіндік майданында тұрды. Біз Солтүстік Корей жақтың тексеріп анықтауға көмектесу талабын тойтарып отырмыз», – деген пікірін білдірді.

Айта кетейік, қастандық жасау ісіне қатысты деген 7 ер адамның бесеуі Солтүстік Корея азаматы екені анықталып отыр. Ал қалған екі күдіктінің суреттері әлі анықталу үстінде. Малайзия сот эксперт дәрігерлері Ким Чен Нанның сағат 11 де жан үзгенін, қолданған улы заттың құрамы, келіп шығуы әлі де жіңішкелікпен тексеруді талап ететінін мәлімдеді. Қылмыстық іс туылған орында болғаны расталған үш адамның екеуі әйел (Малайзиядағы шетел азаматы), ал бір ер адамның малайзиялық екені анықталды. Тергеу ісіне қолға түскен малайзиялық азаматтың көп көмегі тиіп отыр дейді полиция органдары. Оқиға туылған орында бұдан тыс 4 адамның болғанын, оның екеуінің суреті анықтап тексерудің әлі аяқталмағанын, алайда кореялықтар болуы мүмкін  деген болжам да бар.

Малайзия полиция тараулары қастандық жасау ісін толықтай анықтап шығуға сенім білдірді. Халықаралық ақпарат құралдарында әр түрлі болжамдар арасында қастандықтың перде артында Солтүстік Кореяның өзі тұрған болуы мүмкін деген де пікірлер бар.

The Qazaq Times