АҚШ «Қорғаныс жаңалықтар» сайты 14 наурыз, АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Донг Элланың «Обама үкіметі жолға қойған «Азия-Тынық мұхитқа оралу» саясаты әлде қашан «өліп болды», – деген пікірін жариялады. Донг Элла бұл пікірді, 13 наурыз ақпарат құралдарына берген сұхбатында айтқан болатын. Бұл туралы қытайдың Шинлаң агенттігі сайтында хабарланды.
Донг Элла Обама билігі тұсындағы «Азия-Тынық мұхитты қайта қалыптастыру» саясаты әлдеқашан ақырласқанын, ал Трамп үкіметінің Азия-Тынық мұхит өңіріне жаңа саясат жүргізетінін білдірді. Ол сөзінде: «Трамп үкіметі Азия-Тынық мұхит өңірінде экономикалық дамудағы қуатты әлеуеттің сақталып отырғанын толықтай түсінеді. АҚШ Азия-Тынық мұхит өңіріндегі жобасын арттыруды жалғастырады. Алайда, Обама тұсындағы «Азия-Тынық мұхитқа оралу», «Азия-Тынық мұхитты қайта қалыптастыру» стратегиялары өткен шаққа айналды», – деді.
Донг Элланың бұл желдіртпе мәлімдемелері АҚШ мемлекеттік хатшысының Шығыс Азияға сапарымен бір уақытта жарияланып отыр. Ол бұл стратегиялық саясаттардың бәрі, АҚШ-тың осыдан бұрынғы бір ұрпақ билігінің тұжырымдамалары ғана, ал қазіргі үкімет өз саясатын жүргізеді. АҚШ-тың Азия-Тынық мұхит өңіріне деген саясаты өзгеруі мүмкін екенін білдірді.
“The Qazaq Times”
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы