Будапешттегі бір жоғары сот Мажар үкіметінің бір ай бойы күн сайын Мажар-Хелсинг құқық қорғау ассоциациясынан кешірім сұрауына шешім қабылдады.Мажарстан астанасы Будепешттегі Жоғары сот таңқаларлық шешім шығарды, деп хабарлайды yeniakit.com ақпарат агенттігі.

Осыдан біраз бұрын  Мажарстанда өткен сайлау алдында Хелкинг ассоциациясы, Мажар үкіметінің "халықпен пікір алмасу" науқаны аясында Хелсинг ассоциациясының атын араластырып, негізсіз және жалған пікірлерге толы құжатпен сотқа жүгінген еді. Үш айға жалғасқан сотта аталған ассоциация жеңіске жетіп, сот алқасы бір шешім шығаруға мәжбүр болған. Сот қабылдаған шешімге сәйкес, аталған құжаттағы Хелсинг ассоциациясынан бөлек, кейбір ұйымдардың "босқындардың заңсыз әрекеттерін қолдағандары" туралы пікірлер шындыққа жанаспайды.  Сондықтан, осы құжатты растайтын ешқандай дәлел табылмағандықтан, Мажар үкіметінің кешірім сұрау мәтіні 30 күн бойы жергілікті басты басылымдарда әрі өзге де ақпарат құралдарының басты тақырыбында жарияланып тұруы тиіс.

“The Qazaq Times”