Ресейдің Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" сауда-ойын-сауық орталығында шыққан өрттен 37 адам опат болып, 43 адам зардап шеккен. Шамамен 70 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында. Мұндай ресми мәліметті ТАСС агенттігі таратты. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.
"Зимняя вишня" сауда орталығында із-түссіз жоғалғандар саны 69 адамға жетті, олардың 40-ы - балалар", – деді шұғыл штаб өкілі ТАСС агенттігіне.
Мәліметтерге қарағанда, өрттен құтқару дабылы қосылмай, адамдарды ғимараттан жаппай эвакуациялау жүргізілмеген. Ресми мәліметтер бойынша, жүз адам эвакуацияланған, тағы жиырма адам құтқарылған. Сауда орталығындағы қалған адам өз бетімен ғимараттан шыққан болуы керек. Демалыс күні мұнда келушілер саны көп болған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды