АҚШ-тың Қытайдағы шпиондық қызметінің ауыр сәтсіздігі Орталық барлау басқармасы ғана емес Құрама Штаттың ұлттық қауіпсіздігі үшін де үлкен шығын. Қазір Қытайдағы АҚШ-тың барлау қызметі жансыз күйде. Онда ұзақ уақыт тәрбиелеген 12 қызметкері Қытай үкіметі жағынан көзі жойылған. Бұл істің астарында жасырынған сыр бірнеше жылдан бері ашылмай келеді.
АҚШ Әділет департаментінің кеше жасаған мәліметіне қарағанда, Қытай маңызды құпиялықтарды ашуға көмектесті деген айыппен бір күдікті қамауға алынған. Оған АҚШ-тың бұрынғы Орталық барлау басқармасының қызметкерлерін Қытай үкіметінің анықтауына көмектесті деген айып тағылған. Бұл туралы «The New York Times» басылымы хабарлады.
Бұрынғы барлау қызметкерлерінің бірқатары, 2010 жылдан бастап, АҚШ Орталық барлау басқармасының Қытайдағы тыңшылық желісі жүйелі түрде бұзу операциясы кезінде көптеген ақпарат агенттері қаза тапқанын айтады. Бұл АҚШ үкіметінің соңғы жылдары тартқан зияны арасындағы ең елеулісі.
Қазір 53 жастағы бұрынғы арнайы қызметкер Жерри Чун Шыңлидің тұтқындалуымен Федералдық барлау басқармасының қарқынды тергеулері аяқталды. Бұл тергеу 2012 жылы Орталық барлау басқармасы ақпарат агенттерін жоғалтқаннан кейін басталған болатын. Жерри Чун Шың бір реткі сатқындарды табу операциясының басты нысаны. Көптеген барлау қызметкерлері оны Құрама Штатты сатып кетті деп санайды. Алайда, кейбір барлау қызметкерлері Қытай үкіметі шетелдік ақпарат көздерінен пайдаланып, Орталық барлау басқармасының құпия орталығын басып алған деген көзқараста.
Бұдан өзге де бұрынғы барлау қызметкерлерінің айтуынша, АҚШ-тың Қытайдағы шпиондық желісінің үлкен сәтсіздігінің екі жақты себебі бар. Соның бірі Қытайдағы барлау қызметкерлерінің жұмысы дұрыс болмағандығы деп санайды. Ал, бұл туралы тексеру нәтижелерінің көрсетуінше Орталық барлау басқармасы мен Федералдық барлау басқармасы арасындағы келіспеушілік те Қытайдағы АҚШ барлаушыларының сәтсіздігіне мұрындық болған.
Ли Жынчың (Жерри Чун Шың) 2007 жылы Орталық барлау басқармасынан қол үзген, тұтқындалғанға дейінгі аралықта Гонконгта тұрған. Жон Кеннеди халықаралық әуежайында қамауға алынып, Вирджинияның солтүстігіндегі федералдық сотта қорғаныс ақпаратын шетелге жайып салды деген айып тағылды.
Ли Жынчың 2012 жылы отбасымен бірге АҚШ-қа оралған. Ол тұрған қонақ үйде тінту жүргізген Федералдық барлау қызметкерлері ұлттық қауіпсіздіктің құпия мәліметтерін естелікке алған, қолжазба түріндегі екі кітапшаны тапқан. Прокурорлардың мәліметіне қарағанда, Ли Жынчың бұл кітапшаға Орталық барлау басқармасының қызметкерлерінің аты-жөнін, телефон номерлерін, жасырын аттарын, кездесудегі код сөздерін жазған.
«The New York Times» басылымының хабарына қарағанда, кем дегенде 12 барлау қызметкері Қытай үкіметі жағынан өлтірілген немесе түрмеге алынған. Орталық барлау басқармасы үшін бұл орны толмас оқиға болып қалды, әрі Қытайдағы барлау қызметі түгелге жуық күйретті.