АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон бір күн бұрын жасаған мәлімдемесінде, Солтүстік Корея келіссөз үстеліне келуге дайын болғанша, АҚШ жақ Солтүстік Кореямен ешқандай келіссөз алғышарты туралы сөйлеспейтінін мәлімдеді. Бұл туралы «Шинхуа» ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлады.
Қазіргі Корей түбегі мәселесінде Тиллерсонның бұл позициясы оң мәнге ие. Себебі, қазіргі кезде Корей түбегі қайшылығы халықаралық қауымдастықтың басты алаңдаушылығын туғызған әрі қайшылықтар мен шиеленістер тереңдей түсуде. Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы қарсыластық күшейе түссе, оның зардабы тым ауыр болмақ.
АҚШ-тың Солтүстік Кореяға келіссөзге мүмкіндік беруі, шиеленістердің тереңдеуін тоқтатып, барлық тараптардың «келіссөз арқылы шешу» ұстанымын күшейте түседі деп үміттенуге болады. Егер шын мәнінде АҚШ пен КХДР мәселені келіссөз арқылы шешуге бекісе, онда екі тарапта осыған дейінгі қайшылықтардың бәрін қайырып қойып, түбек мәселесін басынан бастап шешуге кірісер еді.
Көп санды сарапшылар, Корей түбегі мәселесін келіссөз арқылы шешуде АҚШ пен Солтүстік Кореяның жеке келіссөз жүргізуі нәтижелі болады. Ал, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония қатарлы елдердің араласуы мәселені тіпті де ауырлата түседі деп қарайды. Дегенмен, Қытай мен Оңтүстік Корея бұл келіссөз үстелінен шеттетілуі мүмкін емес.