Қырғызстан жаңа Президентін сайлады

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауына қатысушар дауысының 97 пайызын есептеп болды. Осылайша Социал демократиялық партия кандидаты, бұрынғы премьер-министр Сооронбай Жээнбеков сайлаудың бірінші турында жеңіске жетті, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Алдын ала мәліметтер бойынша, екінші тур болмайды. ОСК төрағасы Нұржан Шайлдабекова  баспасөз конференциясы кезінде сайлау қорытындысы туралы мәлімдеді. ОСК мәліметінше, сайлауға келгендердің саны 55,93 пайызды құраған және берілген дауыстардың 97 пайызы белгілі болды.

Жарияланған ақпаратқа сенсек, Жээнбековке сайлаушылардың 54,23 пайызы дауыс берген. Ал оның негізгі қарсыласы Өмірбек Бабанов 33,47 пайыз дауыс жинаған. Үшінші орында 6,41 пайыз дауысқа ие болған - Республиканың қауіпсіздік кеңесінің экс хатшысы Адахан Мадумаров.

Айта кетейік, дауыс беру ресми түрде Астана уақытымен 20:00-де аяқталды.  Қырғызстандағы Президент сайлауы бүгін таңғы сағат 8:00-де басталды.

“The Qazaq Times”