Алмазбек Атамбаев Ресей басшысы Владимир Путинмен келіссөз жүргізуге Санкт-Петербург қаласына аттанды – деп хабарлайды Қырғызстан президент әкімшілігі баспасөз қызметі.

Бүгін Ресейдің мәдени астанасы Санкт-Петербург қаласында VІ халықаралық мәдениет форумы басталады. Осыған байланысты бұған дейін Владимир Путин Алмазбек Атамбаевты форумға қатысуға арнайы шақырған. Форум аясында екі ел басшылары Қырғызстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас пен стратегиялық әріптестік жайында сөз қозғайды деп күтілуде.

Естеріңізге салайық, бұған дейін қараша айының 16-сы күні Владимир Путин Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбековты туған күнімен құттықтап, алдағы уақытта бірге жұмыс істеуге дайын екендігін білдіріп хат жолдаған болатын.

“The Qazaq Times”