Қазақ Үкіметінің ресми өкілі Парижден құны  75, 8 миллион АҚШ доллары (65 миллион еуро)  тұратын зәулім үй сатып алды. Сонымен қатар, бұл үй осы жылдағы ең қымбатқа бағаланған үйлердің бірі болды, - деп хабарлайды халықаралық жылжымайтын мүлік агенттігі Mansion Global.

Миллионға бағаланған зәулім үй Париждің атақты байлар қоныстанған  Golden Triangle деп аталатын ауданында орналасқан. Үйдің құны осыдан 3 ай бұрын 87,5 миллион АҚШ долларына бағаланған. Үй көлемі 1200 шаршы метрді құрайды.  Мұнда 5 жатын бөлме, 5 жуыну бөлмесі және демалу бөлмелері мен қызметкерлерге арналған бөлек бөлме бар.

Сатып алушы мен сатушының аты туралы ешқандай мәлімет жоқ, тек қана Қазақстан Үкіметінің ресми өкілі мен Ресей инвесторы деп көрсетілген.

“The Qazaq Times”