АҚШ пен Қытай үшін келесі соғыс алаңы қаржы секторы болуы мүмкін. Жақында АҚШ SWIFT қаржы жүйесінен Қытайды шығара ма деген сұрақ қызу талқылануда, егер олай болған жағдайда. Қытайды АҚШ доллар жүйесінен шығарады және Қытайдың қаржы нарығын шектейді. Қытай сарапшылары мен экономисттері Қытай қаржы аралына айналама деп алаңдаушылық білдіруде.
Вашингтон қаржы секторында бірқатар шаралар қабылданды, соның ішінде АҚШ-тың қор нарығынан стандартқа сәйкес келмейтін қытайлық компанияларды шығаруды және қытайлық инвестицияларды қадағалауды күшейтуді ұсынды.
Алайда, сарапшылар АҚШ Қытайды Солтүстік Корея мен Иран сияқты доллар жүйесінен толығымен шығармауы мүмкін деді.
Әлемдегі барлық қаржы нарығына SWIFT жүйесі қол жетімді, ол арқылы басқа елдердің банктерімен операциялар жүргізуге болады. Қазіргі уақытта халықаралық төлемнің көпшілігі АҚШ долларымен жүзеге асырылады, бұл халықаралық сауда мен инвестициялардағы АҚШ долларының рөлін көрсетеді. SWIFT АҚШ долларын қолдайтын негізгі ұйымдардың бірі болып табылады.
Штаб-пәтері Бельгияда орналасқан SWIFT халықаралық ұйымы ЕО заңнамасымен реттеледі, бірақ төлемдерге АҚШ долларының үстемдік етуіне байланысты АҚШ SWIFT-ге ықпал ете алады. Америка Құрама Штаттары Солтүстік Корея мен Иранға қаржылық санкциялар жариялағаннан кейін, қауымдастық бұл елдермен қаржылық операцияларды дереу шектеген.
Қытайдың барлық мемлекеттік коммерциялық банктері SWIFT жүйесіне қосылды, демек олар АҚШ-тың қаржылық санкцияларына ұшыраған кезде SWIFT бұларды шығарып тастауы мүмкін.
Қытай сарапшыларының есебінше егер АҚШ Қытайды SWIFT құрамынан шығарса,саудадан Қытай жыл сайын 300 миллиард АҚШ долларын, 90 миллиард АҚШ долларынан астам шетелге шығарған инвестициясынан және 80 миллиард АҚШ доллары Қытайға кіретін шетелдік инвестициядан айыруы мүмкін деп мәлімдеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді