Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пуджемонт және онымен бірге Бельгияға қашқан 4 экс-министр тұтқындалды. Олар Соттың алдында жауапқа тартылғаннан кейін, Бельгияның шекарасынан аспау туралы қолхатпен қайта босатылды. Енді келесі сот отырысы 15 күннен кейін болады. Сол кезде Бельгия Үкіметі Каталонияның бұрынғы билік өкілдерін Испанияға экстрадициялау не елде қалдыру туралы шешімдерін жариялайды.
Осыдан бұрын Испаниядағы соттың әділдігіне сенбеген Карлес Пуджемонт пен оның жақтастары Бельгияға бас сауғалап келген болатын. Олар өздерін қорғауға алу бойынша Брюсселдің заңгерлері мен белді тұлғаларының көмегіне жүгініп көрген.
Барселонада қолға түскен және қуадалауға ұшығаран каталон басшыларын босатуды талап еткен халық алаңға жиналды. Жергілікті полицияның дерегінше университет алаңынан 350 адам топталып, саяси тұтқындар үшін бостандық сұраған. Олар Карлес Пуджемонт жазадан қашып жүрмегенін, тек әділ үкім алғысы келетіндіктен Испанияның емес, Бельгияның Сотына сенім артып отырғанын айтады.
Сарапшылардың айтуынша, егер Брюссель Соты Испанияда Карлес Пуджемонттың негізгі құқықтары тапталуы мүмкін деген болжам жасаса, оны елге қайтармауы мүмкін. Соттың соңғы шешім шығарғанға дейін 60 күн уақыты бар.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?