Сүрияда АҚШ-тың сегіз сарбазы көз жұмды – деп хабарлайды Al-Masdar ақпарат агенттігі.

Агенттіктің мәліметтері бойынша, Сүрияның солтүстігінде орналасқан Тель-Байдар лагері маңында екі тікұшақтың бір-бірімен соқтығысуы салдарынан 8 сарбаз көз жұмған. АҚШ әскеріне тиесілі тікұшақтар Әл-Базала елді мекені маңындағы әуежайдан көкке көтерілген бетте соқтығысқан. Тікұшақтардың бортында болған Сүрияға жаңадан келген сарбаздардың барлығы оқиға орынында көз жұмған.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Сүрияда "Ислам мемлекеті" содырлары тұтқынға түскен ресейлік екі сарбазды өлтірді деген ақпарат тараған болатын.

“The Qazaq Times”