«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы ресейлік сарбаздарды тұтқынға алды - деп хабарлайды korrespondent.net ақпарат көзі.
Террорлық ұйым таратқан мәліметтер бойынша, ресейлік сарбаздар Сүрияның Дейр-эз-Зор қаласында тұтқынға алынған. «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына тиесілі Amaq ақпарат агенттігінің жариялаған видеоролигінде, өздерін 1979 жылы туған Заболотный Роман Васильевич және 1978 жылғы Сурканов Григорий Михайлович деп таныстырған екі адам бейнеленген. Видеода көрсетілген адамдардың сөзінше, олар 22 қыркүйек күні Дейр-эз-Зор қаласын «Ислам мемлекеті» содырларынан азат ету кезінде тұтқынға түскен.
Бірақ Ресей Қорғаныс министрлігі «Ислам мемлекеті» таратқан бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқан. РФ қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сүрия Араб Республикасындағы ресейлік сарбаздардың барлығы өзіне тапсырылған міндеттерін орындап жүр. Ешқандай сарбаз «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына тұтқынға түспеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?