ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті криптавалютаны іске қосудың базисі қалай дайындалып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды LS.
Комитеттің мәліметінше, криптовалютаға өту елдің салық жүйесін оңтайландыруға қатысты шаралар қабылданғаннан кейін жүзеге асады. Сондай-ақ, комиттеттің ақпаратынша, ең алдымен қосымша құн салығын әкімшілендіру аясында блокчейн технологиясын енгізу аяқталу керек. Ал бұл жүйе ҚҚС-ны қайтаруды автоматтандырады және жемқорлық пен алаяқтық істердің алдын алады.
"ҚҚС-ны қайтаруды жүктеу" жобасы банкаралық аударымдарды оңтайландырады. Бұл банк жүйесі тиімділігінің артуына әсер етеді және бизнес үшін процессинг бағасын төмендету бойынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді", - МКК өкілдері.
Егер блокчейн технологиясын енгізу сәтті аяқталар болса, Қаржы министрлігі салықтың барлық түрлерін әкімшілендіру үшін технологияны пайдалануды арттырады.
"Бұл халықтың кірістерін декларациялау процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бизнес жүргізуде, инвестицияларды тартуда және салық базасын ұлғайтуда елдің тартымдылығы артады. Осы жобалардың сәтті жүзеге асуы жеке криптовалютаны пайдаланудың жаңа базисін құрады", - дейді ведомство өкілдері.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда арнайы жұмыс тобы криптовалюта транзакцияларын реттейтін заң жобасын әзірлеп жатқаны туралы хабарланған. Жұмыс тобына "Астана" халықаралық қаржы орталығы, "Делойт", Waves, Juscutum және "Кесарев Консалтинг" сынды ұйымдар кіреді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?