Солтүстік Корея хакерлері қорғаныс жүйелерді талқандап, әлемдік интернет жүйесіне шабуылдау қуатын табанды түрде арттырып келеді. Солтүстік Кореяның Lazarus Group деп аталатын хакерлер тобы 2014 жылы Sony Pictures компаниясының компьютерлік жүйесі арқылы «Сұхбат» фильмінің таратылуының алдында киберлік килігу жасады. Сондай-ақ, бұл топ 2016 жылы әлемдік төлем жүйесін пайдалана отырып, Бангладештің Орталық Банкінен шамамен 1 млрд АҚШ долларына жуық қаржыны ұрлауға әрекет жасады.
Алайда, осы бір оқшауланған әрі ресурстары шектеулі, экономикалық санкцияда тұрған елдің кибершабуылға соншалықты қабілетті болғаны әлем жұртшылығын таңдандырады. Сонымен бірге, солтүстік кореялық хакерлерді, олардың кибершабуыл әрекеттерін кімдер қолдап отыр деген сұрақ мазалайды.
Оңтүстік Кореялық эксперттердің көрсеткен дәлелдеріне қарағанда, Солтүстік Корея кибер-соғыста Қытайдан көп қолдау алады, Қытайдан кибершабуыл әдістерін үйренеді. Сондай-ақ, солтүстік кореялық хакерлер Қытай мен Еуропада әрекет етеді. Бұл жағында Солтүстік Корея крипто-валюталық сайтқа кіру немесе ақпарат ұрлау сынды нақты бағытта жұмыс істейді. Мәліметтерде, қазіргі кезде Солтүстік Кореяның әскери кибер шабуыл қосынында шамамен 6000-7500 адам жұмыс істейді. Олар төр топқа бөлінген. Олардың басты міндеті басқа елдердегі инфрақұрылымға және қаржылық қызметтерге арналған кибер-террорлық шабуылдарды жүзеге асыру, жаңа қорғаныс технологияларын ұрлау.
Кибер-соғыста қуатты күшке ие болу үшін КХДР билігі 1993 жылы үкімет құрамында өзінің алғашқы желілік агенттігін құрған. Қазір халықаралық санкция Солтүстік Корея режимін қаржылық қиыншылықтарға ұшыратты. Сондықтан да, олар кибершабуылдарды үкіметтік желілерден жекеменшік желілерге қарай ауыстырды. Себебі, кішігірім кәсіпорындардың қорғаныс жүйесі соншалықты бекем бола бермейді.
Бірқатар елдер Солтүстік Корея әлемдік қаржы жүйесіне критовалюта жүйесі арқылы биткоин секілді электронды валюта ұрлады деп айыптайды. Крипто-валюталарды заңды түрде алу үшін жоғары дәрежелі компьютер қажет. Алайда, Солтүстік Кореяда мұндай мүмкіндік жоқ. Сондықтан олар шетелдік компьютерлік жүйелерге кіру арқылы бұл операцияны жүзеге асырады. Интерактивті компьютер арқылы виртуалды валютаны Солтүстік Кореяның электрондық әмиянына салады. Кейін оны нақты ақшаға айналдырады.
Сарапшылардың пікіріне сенсек, Солтүстік Кореяны кибер-соғысты тоқтатуға шақыру, Корей түбегінде бейбітшілік орнатумен бір деңгейдегі шаруа. Қазіргі әлем елдері арасындағы кибер-соғыстың күрделілігі де Солтүстік Кореяның бұл жағындағы шабуылдарын тоқтатуда қиындықтар тудырған.