Қазақстанда арнайы жұмыс тобы криптовалюта транзакцияларын реттейтін заң жобасын әзірлеп жатыр. Жұмыс тобына "Астана" халықаралық қаржы орталығы, "Делойт", Waves, Juscutum және "Кесарев Консалтинг" сынды ұйымдар кірген деп хабарлайды LS.
Бұл компаниялар тек құқықтық құжат дайындап қана қоймай, болкчейн технологиялар мен криптовалютаны қолданатын платформаларды және блокчейн жобаларын құруға ниетті.
"Қазақстан Жапониядан кейінгі мемлекеттік деңгейде криптовалюта жүйесін дамыту керек екенін түсініп отырған екінші мемлекет. АХҚО базасында цифрлы валюта нарығын дамыту - Қазақстанның цифрлы экономикасы үшін толыққанды экожүйе құруға жасалған қадам", - дейді "Кесарев Консалтинг"компаниясының серіктесі Наталья Шейко.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк әзірге криптовалюта жүйесін реттеу тәсілдерін қарастырып жатқанын мәлімдеген. Сондай-ақ сарапшылар да бұл жүйенің тәуекелдері көп екенін айтқан.


















Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?
Сатираның аузына темір скотч. Сөз бостандығы шартты түрде бостандыққа шықты
ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ: Қазақ құқығын бағалау тарихы туралы
«Қазақша сөйле!»: Курьер тұтынушыға дөрекілік танытпағанын айтты. Magnum’ның бойкот бастамасынан кейінгі мәлімдемесі
Иманғали Тасмағамбетовтың ақталуы: Қазақ қоғамындағы пікірталастар