Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның халық санына қатысты статистикалық мәліметті жариялады.

Сонымен маусым айында Қазақстанның халық саны 20,2 мың адамға көбейген. ҚР ҰЭМ-нің 1 шілдедегі статистикалық мәліметі бойынша Қазақстанда 18 млн 34,4 мың адам бар, ал маусымда халық саны 18 млн 14,2 мың адамға тең болған.

Осы жылдың алғашқы жарты жылдығында халық санының жалпы өсімі 112,5 мың адам болған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,3 мыңға аз.

2017 жылдың қаңтар-маусым айы аралығында Қазақстанда 189,2 мың сәби дүниеге келген және бұл да 2016 жылдың жарты жылдығымен салыстырғанда 6,4 пайызға аз. Ал қайтыс болған адамдардың саны 0,8 пайызға азайып, 66,6 мың адамды құраған.

Сондай-ақ, 2017 жылдың республикада 59 мың неке тіркелген. Ал осы кезеңде ажырасқандар саны көбейіп, 26785-ке жеткен. 2016 жылдың жарты жылдығындағы көрсеткіш - 25193.

Бұдан бөлек, республикадан жарты жылдықта 15063 адам кетіп, олардың үлесі 6 пайызға артқан. Келгендер саны - 8663 адам. Көрсеткіш 38 пайызға жоғары. Осылайша миграцияның кері сальдосы 6400 адамды құрады.

“The Qazaq Times”