Полиция Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында оққа ұшқан адамның туыстарын тергеуге алды, деп мәлімдеді Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің мәліметінше, оқиға болған күні шекара күзетіне екі сарбаз қызметке түскен. Олардың бірі шекарадағы қауіпсіздік барьерін 15-20 адам бұзып жатқанын байқаған. Сол тұста әскерилер шекара бұзушыларға ескерту жасап әуеге оқ атқан. Бірақ, олар бұл ескертуге бағынбай сарбаздарға қарата тас лақтырып, салдарынан бір шекарашы басынан жарақат алған. Осыдан кейін екінші сарбаз шекара бұзушыларға қарата екі рет оқ атқан. Бір оқ шекара бұзушылардың бірі, 1987 жылы дүниеге келген Жасөркен аулының тұрғынының басына тиіп, ол оқиға орынында көз жұмған. Осыдан кейін шекара бұзушылар Жасөркен ауылының ішіне кіріп, көз жұмған адамды үйіне тастап, іздерін жасырған.

Қазіргі таңда мемлекеттік шекараны заңсыз бұзу оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 380 бабының 1 тамағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Естеріңізге салайық, тамыздың 12-сі күні түнде Жамбыл облысына қарасты Жасөркен шекара бекетінде белгісіз 15 адам Қазақстан – Қырғызстан шекарасын заңсыз бұзып өтпек болды деген ақпарат тараған болатын.

“The Qazaq Times”