Иран президенті Хасан Руханидің інісі "қаржы жымқырды" деген күдікпен ұсталды.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Хасан Руханидың інісі Хуссейн Ферейдун шілденің 16-сы күні қаржылық қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен ұсталған.

AFP агенттігінің хабарлауынша, Иран прокуратурасы Хуссейн Ферейдунді пайызсыз несие алды және екі бірдей банктің директорларын заңсыз тағайындады деген күдікпен қамауға алған.

Ферейдун тағайындаған екі банкирдің бірі аса ірі көлемдегі жемқорлық дауына қатысы бар болғандықтан жұмыстан қуылған. Ал екіншісі мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне шамадан тыс жоғары жалақы тағайындағаны үшін қызметінен босатылған.

Хуссейн Ферейдун 2015 жылы Ираның атом бағдарламасы бойынша халықаралық келіссөздер делигациясынның мүшесі болған. Ол осы уақытқа дейін Иран президенті Хасан Руханидің ең жақын кеңесшілерінің бірі болып келген.

Хасан Руханидің жақтастары Хуссейн Ферейдуннің қамауға алынуын "елдегі консервативтік күштердің ел президентінің беделін түсіру үшін осындай қадамдарға барып отыр" деп есептейді.

“The Qazaq Times”