Қазақстан мұнай көлемін қысқарту туралы ОПЕК келісімінен біртіндеп бас тартуы мүмкін. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
Министр "Қазақстан бірнеше айда немесе мұнай бағасының өсуіне байланысты ОПЕК келісімінен шығуы мүмкін бе?" деген сұраққа "Бірінші нұсқа", - деп жауап берген.
Сондай-ақ, ол Астана келісімді ұзартуға қатысты өз позициясын әлі нақтыламағанын атап өтті. "Бұл қараша айына қатысты сұрақ", - дейді ол. Айта кетейік, ОПЕК-тің кезекті саммиті қараша айында болады.
Ведомство басшысы Қазақстан осы жылы мұнай өндіруге қатысты жоспарды артығымен орындалуы мүмкін екенін де айтқан. "Жылдық жоспар 81 млн тонна, бірақ бұдан да артық болады деп ойлаймын", - дейді ол.
Оның сөзінше, республика мұнай көлемін қысқарту келісімін толық бақылауға алып отыр. Ол "мемлекет шартта көрсетілген параметерлерді орындай алды ма" деген сауалға: "Шамамен", - деп жауап берген. Ол мұнай көлеміне қатысты Халықаралық энергетика агенттігі мен Қазақстанның энергетика министрлігі есебінің арасында біраз ауытқушылық бар екенін атап өтті.
Айта кетейік, осы жылдың 25 мамырында мұнай экспортаушы елдер ұйымы ОПЕК мұнай өндірісін қысқарту туралы келісім мерзімін ұзартқан. Аустрияның Вена қаласында өткен отырыс барысында ұйымға мүше елдер осындай шешім қабылдаған еді.
Осыдан соң Қазақстанның Энергетика министрлігі ОПЕК пен оған мүше емес елдердің мұнай көлемін қысқарту мерзімін ұзарту туралы шешімін қолдайтынын, бұл бағаның қалыпты деңгейін сақтау үшін қажет екенін мәлімдеді мнистрліктен.