Қазақстанның ЖІӨ-інің өсімі қаңтар-мамырда 4,1%-ды құрады, бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
«Алдын ала бағалау бойынша, 2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында ЖІӨ өсімі 2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 4,1%-ды құрады», - деді ол сейсенбідегі Қазақстан үкіметінің отырысында.
Инфляция жыл басынан бері (2017 жылғы мамырда 2016 жылғы желтоқсанға) 3,3%ды құрады. Жылдық инфляция 2016 жылғы мамырдағы 16,7%-ға қарсы 7,5%-ды құрады. Айлық инфляция ағымдағы жылғы мамырда 0,5%-ды құрады.
Сүлейменов келтірген деректерге қарағанда, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5,2%-ға (а.ж. қаңтар-наурыздағы 3,1%-дан а.ж. қаңтар-сәуірде 5,5%-ға) ұлғайды. Өсімге «Нұрлы жол» және «ИИДМБ» Мемлекеттік бағдарламаларының аясындағы индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы негіз болды.
Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 2017 жылғы қаңтар-сәуірде 308,4 мың теңгені құрады және 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда атаулы мәнде 8,2%-ға, нақты мәнде 0,5%-ға өсті.
Жұмыссыздық деңгейі 2017 жылғы сәуірде (бағалау) 4,9%-ды құрады.
Өңірлерде өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсімі 13 өңірде, төмендеуі 3 өңірде байқалады.
Өнеркәсіп өсімінің анағұрлым жоғары қарқыны Атырау (18,6%) және Батыс Қазақстан (14,9%-ға) облыстарында байқалады.
Өнеркәсіптің едәуір төмендеуі Қызылорда облысында (2,9%-ға) тіркелді.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің 2,8%-ға ұлғаюы есебінен 2,7%-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,1%-ға ұлғайды.