Дональд Трамп АҚШ Конгрессіне 2018 жылдан бастап Белоруссияны қаржыландыруды тоқтату керектігін айтты деп хабарлайды News.tut.by ақпарат көзі.
АҚШ-тің халықаралық даму (USAID) агенттігі 1999 жылдан бері Белоруссияға жылына 7,9 миллион доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетіп келген. Бұл қаражат Белоруссияда демократияның дамуына, азаматтық қоғам қалыптасуына, ауыл шаруашылығы мен сауда-саттық салаларына бағытталған.
Бұған дейін Дональд Трамптың тапсырмасымен АҚШ Конгрессі 2018 жылдан бастап Украинаны қолдауға бөлінетін қаржыны 70 пайызға қысқартқанын мәлімдеген болатын. Алайда Белоруссияға байланысты Конгресс әлі ешқандай шешім шығармаған.
Шет елдік сарапшылардың айтуынша АҚШ қысқартылған қаражаттың барлығын әскери техникаларын дамытуға жұмсауды жоспарлап отырған көрінеді.
"The Qazaq Times"
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы