Францияда президент сайлауында басым дауыс жинаған Эммануэл Макрон мен Марин Ле Пенге қарата «Фашизмге қарсымыз» атты шеру өтуде. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.
Франциядағы Бастиллия тарихи алаңына жиналған, өздерін «Фашизмге қарсы топ» атаған наразылық білдірушілердің басым көпшілігі, сайлаудың келесі айналымына өте алмай қалған Жан-Люктің жақтастары болып шықты. Олар Макрон мен Ле Пеннің ұстанымдарына қарсылықтарын білдіруде.
Ереуілшілер мен тәртіп сақшылары арасында қақтығысқа ұласқан наразылық шарасы әлі де толық тарқала қоймаған. Аталған елдің бірнеше қаласында орын алған қарсылық шарасының бәрінде полицейлермен қақтығыс орын алды.
Естеріңізге сала кетейік, Франция президент сайлауының нәтижесі бойынша, алғашқы турна Эммануэл Макрон мен Марин Ле Пен алға шығып, екінші айналымға жолдама алған болатын. Радикал оңшыл «Ұлттық майдан» партиясының басшысы Марин Ле Пенді президент етіп сайламас үшін өзгелер Макронға дауыс беруге дайын екенін «Франция 2» телеарнасы бүгінгі хабарында айтқан болатын.
The Qazaq Times


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды