АҚШ-тағы танымал басылым «The Wall Street Journal» басылымының ең жаңа сауалнама қортындысы жария етілді. Сауалнама нәтижесіне қарағанда Трамптың АҚШ президенті ретіндегі 100 күндік қызметіне басым көп америкалықтар разы емес екені белгілі болды. Оның АҚШ үкіметінің тиімділігі мен әлеуметтілігін арттыруға жасаған реформасы қолдауға ие бола алмаған.
Сауалнамаға қатысқандардың 54 пайызы президент Трамптың атқарып жатқан істеріне разы емес. 14 пайыздық тармақтан тұратын сауалнамаға қатысқан америкалықтардың 40 пайыздан астамы ғана оның істеріне қолдау білдірген. Дегенмен, Республикашылдар партиясы ішінде Трамп әлі де жоғары қолдауға ие болып отыр. Ал, Құрама Штаттағы өзге тараптарда президенті қолдау мөлшері төмендеп тұр. Партияларға тәуелсіз респонденттердің арасындағы Трампға риза еместердің үлесі 54 пайызға өсіп, қолдаушылар 30 пайыз айналасында қалған. Десе де, осыдан бұрынғы 24 пайызға қарағанда жоғарылау бар.
900 ересек адамға жасалған сауалнама бойынша президенттерінің мақтауға тұрарлық кейбір қызметтері де бар болып шыққан. Осыдан бұрын Сүриядағы химиялық қару ісіне қарсы Сүрия үкімет армиясының базасына зымыран шабуылына бұйрық беруі де соның бірі екен. Респонденттердің 60 пайыздан астамы Трамптың бұл әскери әрекетіне қолдаушылық танытқан. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі оның Сүрия мәселесіндегі ұстанымын жақтаған. Айта кетейік, бұл реткі сауалнаманы «The Wall Street Journal» басылымы 17-20 сәуір аралығында 900 ересек Америка азаматынан телефон арқылы жинаған.
The Qazaq Times


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?