Gallup рейтингтік компаниясының жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, АҚШ президенті Дональд Трамптың қызметіне кіріскелі бергі алғашқы кварталдағы жұмысының нәтижелерін жариялады. Рейтингке сәйкес америкалық сайлаушылардың 41 пайызының ғана жаңа президенттің алғашқы үш айдағы жұмысына көңілі толған екен.
Рейтинг нәтижелері компания тарихындағы жүргізілген барлық әлеуметтік зерттеулердің ішіндегі ең төменгі көрсеткіш болып отыр. Ал Трамптың алдындағы Барак Обаманың алғашқы кварталдағы жұмысының нәтижесі 64 пайызды құраған болатын.
Осыған дейінгі АҚШ президенттерінің жұмысы жайлы әлеуметтік рейтингтегі ең төменгі орында 55 пайызбен Билл Клинтон болған. Ал ең жоғарғы рекордтық көрсеткіш - Джон Кеннедидің еншісінде. Ол үш айдың ішінде 74 пайыз америкалықтардың көңілінен шығып, нәтижелі жұмысымен көзге түскен.
Бұл рейтинг Трамп қызметіне кіріскелі бері 20 қаңтардан бастап 19 сәуірге дейінгі аралыққа жасалған.
"The Qazaq Times"


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?