Бүгін Швеция мен Финляндияның арнайы делегациясы Түркияға барып, аталған елдердің НАТО-ға мүше болуына қатысты талқы өткізеді. Бұдан бұрын НАТО мүшесі ретінде Түркия Швеция мен Финляндияның ұйымға мүше болуына қарсы дауыс берген болатын.
НАТО-ға мүше болуға үміткер солтүстік еуропалық елдердің делегаттарын Түркияның келіссөзге дайындаған арнайы делегациясы күтіп алады. Швецияның келіссөз өкілдерін министрлер кабинетінің хатшысы Оскар Стенстерм бастаса, Финляндия делегациясын СІМ баспасөз хатшысының орынбасары Юкка Саловара жетектеген.
Түріктер тарабынан президент аппаратының бас хатшысы Ибрахим Калын мен СІМ басшысының орынбасары Седат Өңал кездесуге қатыспақ. Тараптар Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүше болуына қатысты қауіпсіздік және геостратегиялық мәселелерді қарастырмақ.
Алтынай Мұрат















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес