"Үлкен жетілік" (G7) Ресейге ескерту жасап, әрқандай химиялық, биологиялық немесе ядролық шабуылға қатаң қарсы тұратындарын білдірді. Соңғы күндері әлем елдері, әсіресе Еуропа Ресей-Украина соғысында жаппай қырып-жоюшы қарулардың қолданылуынан алаңдай бастады.
"Үлкен жетілік" құрамындағы АҚШ, Германия, Британия, Канада, Франция, Италия және Жапония қатарлы елдердің СІМ басшылары Еуропа Одағы мен НАТО-ның жоғары өкілдерімен кездесуден кейін аталған мәлімдемесін жасады. Сондай-ақ, бірлескен мәлімдемеде Бучадағы бейбіт халықтың қырғынға ұшырауы бойынша Ресейді айтыптады.
Еуропа елдері Украинада болып жатқан соғыста химиялық, биологиялық және ядролық қару қаупінен алаңдаулы. Жақында Еуропалық Комиссия химиялық, ядролық, билогиялық шабуылдарға қарсы арнайы қор құрды. Қор аясында Украинаға қажетті көмектерді де жібере бастады.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес