Журналист әрі азаматтық белсенділер Әсем Жәпішева мен Бэлла Орынбет қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың аты-жөнін жариялауды талап етіп, петиция ұйымдастырды. Сондай-ақ петиция ұйымдастырушылары үкіметтен жапа шеккендердің отбасына көмек беруді талап етті. Бұл туралы malim.kz мәлімдеді.
«Қаңтардағы қайғылы оқиға барысында, ресми ақпарат бойынша, әскери қызметкерлермен қоса, бейбіт халық тарапынан 225 адам қаза тапты. Біз, Қазақстан халқы, осы ауыр күндерде ел басына түскен қайғыны бөліскіміз келеді. Бірақ 225 цифрды емес, 225 қаза тапқан адамды жоқтап, қайғы жұтқан отбасының қасіретін бөлісіп, көмектескіміз келеді.
Осыған байланысты аласапыран қаңтар күндері қаза тапқан 225 адамның және із-түзсіз жоғалып кеткен адамдардың аты-жөнін жариялауыңызды талап етеміз. Бұл цифр көбеюі әбден мүмкін, себебі қазіргі уақытта хабар-ошарсыз кеткен, ауруханада хал үстінде жатқан адамдар есепке кірген жоқ. Сондықтан 225 саны биліктің жария еткен қатып қалған статистикасына айналмауы керек. "Біз біргеміз" миссиясы құр ұран түрінде қалмауға тиіс, сондықтан «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының қаражаты есебінен осы қаза тапқан бейбіт тұрғындардың отбасыларына материалдық көмек аударуды талап етеміз».
Петицияға қол қоюға ниеттілер үшін арнайы сілтеме дайындалған.
Еске сала кетейік, 15 қаңтарда Бас прокуратура оқиға кезінде 225 адам қаза тапқанын, оның 19-ы — әскерилер екенін айтты. 4,5 мыңдай адам зардап шеккен.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы