Жамбыл облысында балабақша қызметкері бюжеттен 54 млн. теңге ұрлағаны үшін сотталды.
«Qamqor» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің «Ақбота» балабақшасында бюджет қаржысын жымқыру фактісі анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі ақпараттандырды.
«Балабақшаның бюджет жөніндегі жауапты қызметкері Д.Әбибуллаев өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2018-2021 жылдар аралығында «Халық банк» АҚ карточкалық шотына заңсыз ақша аударып келген. Осылайша үш жылда 54 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды», – делінген қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.
Әбибуллаев сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Шығынның бір бөлігі – 18 миллион теңге өтелді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы