Әлемде кеңінен қолданылатын Facebook, Instagram және WhatsApp желілерінің жұмысы белгілі бір кезеңге нашарлап, баяулағаны байқалды. Бұл жайлы DownDetector мониторинг ресурсы хабарлады.
Пайдаланушылар серверге қосылу және веб-сайттар мен қосымшаларды жүктеу кезінде қиындықтарға тап болады.
Серверлер қызметі Алматы уақыты бойынша шамамен кешкісін 21.00 сағаттан бастап бірнеше сағатқа тұрақсызданды.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі ақаулар туралы АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Израиль, Аргентина, Италия, Германия, Франция, Иран және басқа елдердің жүздеген мың қолданушы шағымданған.
Сервис дерегіне қарағанда, Instagram қолданушыларының 76%-ы жаңалықтар арнасын қарау кезінде қиындықтарға тап болған, 15%-ы сайтқа кіре алмаған, тағы 7%-ы өз есептік жазбаларына кіруде қиындыққа ұшырағанын айтып шағымданған.
WhatsApp қолданушыларының шамамен 71%-ы қосымшаға кіре алмаған, 26%-ында хабарлама алмасу қиындаған, 1%-ына есептік жазба қолжетімсіз болған.
Сондай-ақ, Facebook және Facebook Messenger қолданушыларының 41%-ы әлеуметтік желінің жұмысын толығымен тоқтатқаны туралы хабарлады, 31%-ы өз есептік жазбаларына кіре алмаса, тағы 27%-ында жаңалықтар арнасы жұмыс істемеген.
Аталған платформаларға иелік ететін компаниялар жағдайды қалпына келтіруге тырысатынын мәлімдеді. Бірақ дүниежүзілік ақаудың себебі әлі белгісіз.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы