Ең ірі әлеуметтік желілерге ие Facebook компаниясы Ауғанстаннан кетуді қалайтын адамдарға көмектескенін мәлімдеді. Компанияның ақпарат құралдарына берген мәліметіне қарағанда 175 адамды Ауғанстаннан алып кеткен. Олардың бір бөлімі қазір Мехико қаласында.
Мәлімдемеден кейін BBC журналистері Мексика үкіметіне сұрау жолдап, мәліметті анықтаған. Мексика тарабы орталық қаласына бағыт алған ұшақта белсенді жастар мен тәуелсіз журналистер және олардың отбасы мүшелерінің болғанын растады. Сондай-ақ, ұшақта 75 баланың бар екенін де мәлімдеді.
Facebook компаниянсың өкілі мәлімдемесінде айтылуынша, компания Ауғанстандағы өз қызметкерлерін және одақтастарын елден шығарып кету барысында қауіпке тап болған журналистер мен олардың отбасы мүшелеріне де қолдау көрсеткені айтылған.
Ауғанстанға қатысты қауіпсіздік мәселелеріне байланысты компания қызметкерлері мен журналситерді елден шығарып кету бойынша бұдан ары мәлімет беруден бас тартқан.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі