ESET вирустық зертханасының мамандары Google Play-де PayPal және Paxful қосымшалары аккаунттардың мәліметтерін ұрлауға жабдықталған вирустық бағдарламалар екендігін анықтады.
Қосымшалар арнайы инженерияның көмегімен іске қосылған. Олардың алғашқысы - Boost Views болатын. Алғаш YouTube-ке арналған құрал ретінде жасалған. Қолданушыға YouTube арнасынан видео көріп отырып ақша табуға мүмкіндік беретін қосымша ретінде жасалған бұл бағдарламаны бүгінде 100 мыңнан астам адам жүктеп үлгерген.
Жинаған ақшаңызды PayPal-ға тіркеліп, қаражатты картаңызға аударуыңыз керек болады. Мәліметтерді толық жазғаннан кейін сервер қате кеткендігі жайлы хабарлама жіберіп, PayPal барлық мәліметтерді бағдарламаны құрастырушыларға жібереді.
PaxVendor қосымшасы да дәл осындай тәсілмен қолданушының аккаунты жайлы барлық ақпаратты ұрлауға мүмкіндік береді.
ESET-тің мәлімдемесінен кейін екі бағдарлама да Google Play-ден өшірілді деп хабарлады компания өкілдері.
“The Qazaq Times”


















Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Дүйсенбі күнгі Ресейдегі екі бірдей жарлыс. Электронды соғыста кім ұтады