АҚШ президенті Жо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы алғашқы кездесу Женевада өтетіні белгілі болды. Қазір екі ел арасында көптеген мәселелерде келіспеушіліктер бар, лидерлер арасындағы кездесу осы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік бепеді деп күтілген.
Ақ үй сейсенбідегі мәлімдемесінде президент Байден 16 маусымда Женевада Путинмен кездескелі отырғанын растады. Байден бұл кезде G7 саммитіне қатысу үшін Британияға және НАТО отырысына қатысу үшін Брюссельге сапарлай барады. Байден сапарының осы кезегінде Путинмен де кездеспек. Бұл Байден АҚШ президенті болғаннан бергі алғашқы шетелдік сапары болмақ.
Ақ үйдің баспасөз өкілі мәлімдемесінде: "Президент мырза бұл кездесулерде бірқатар шұғыл мәселелерді талқылайды, сондай-ақ АҚШ пен Ресей қатынасының болжаулы күйге түсуіне, тұрақтылық орнауына күш саламыз", – деген.
Сарапшылардың болжауынша, Байден мен Путин арасындағы кездесуде тараптар маңызды келісімдерге келе алмаса да, кейбір жаһандық мәселелер бойынша пікір ортақтығын таба алады. Тараптарда бұған дейін өзіне жинаған көзірлерінің салмағы да ауыр, сондықтан Байден мен Путин бірден ашық әңгімеге көшуі мүмкін деген болжамдар да бар.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес