Украина президенті Владимир Зеленский ресейшіл саясаткер Виктор Медведчукке тағылған айып туралы пікір білдірді.
Зеленский Медведчуктің үстінен қозғалған қылмыстық іс жылдар бойы елдің саяси-экономикалық кеңістігінде басымдыққа ие болып келген магнаттар тобының ықпалын шектеудің басы ғана дейді. Сондай-ақ ол сұхбатында: «Сайланбаған элита өздерінің билігі мен байлығын уыстан шығарып алмас үшін жүйені құрдымға кетірді. Бұл – күрестің басы ғана. Елдегі барлық олигархтар азайып, ірі кәсіпкер деңгейіне түскенге дейін осы сияқты шаралар жалғаса береді», – деді.
12 мамырда Украина Парламентінің депутаты Виктор Медведчук пен Тарас Козак мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінді. Украинаның Қылмыстық кодексіне сәйкес, күдік расталған жағдайда олар он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бас прокурор Ирина Венедиктованың мәліметінше, депутаттар Қырымда Ұлттық ресурстарды тонап, мемлекетке қастандық жасаған. Әзірге, Виктор Медведчуктың мекен-жайы анықталған жоқ. Кейіннен Медведчуктың баспасөз қызметі саясаткердің Украинада екенін хабарлап, оның үйі мен кеңсесінде тінту жүргізу заңсыз деді. Ал Тарас Козак Ресейге кеткен.
Виктор Медведчук – Ресей президенті Владимир Путинмен жеке тығыз байланыстағы украин саясаткері. Ол Украина шығысындағы украин әскерилері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасындағы қақтығысты тоқтату үшін өтетін келіссөзге үнемі қатысады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел