Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша: Кремльдің ресми сайты 2016 жылғы Ресей президентінің табыс мөлшерін жария етті. Декларацияда көрсетілуінше Путинның 2016 жылдағы жалақысы 8,86 млн рубльді (мөлшермен 48900000 мың теңге)  құраған. 2015 жылы оның жалақысы 8,9 млн рубль көлемінде болған. Ал, 2014 жылғы жылдық кірісі 7,654 млн рубльді құраған. 2015 жылы Путин өзінің жалақысын 10 пайызға азайтуды ұсынған.

2015 жылы Ресей президенті Владимир Путинге тиеселі жер телімдері, үй, қоғамдық пәтерлер мен гараждар, оған қоса ГАЗ М-21,  ГАЗ М-21-R, «Нива» автокөліктері бар деп тіркелген. Тұрғын үй және жер телімінен  Ресей президентіне тәуелді 15 гектар жер аумағы бар. Пәтер көлемі 77 шаршы метр, ал гараж 18 шар.метр деп көрсетілген. Бұл осы ел белгілеген жекеге тиеселі пәтер мен гараж көлемінен әлде қайда төмен болып саналады.

Кремльдің сайты хабарлаған ресми ақпарат жақында Ресейде туылған жемқорлыққа қарсы ереуілдерге жауап ретінде жарияланғаны анық. Елдің премьер-министрі Дмитрий Медведевке мемлекет қаржысын қымқырды деген халықтың наразылығы бірнеше қалада ереуілдерге себеп болған еді.

“The Qazaq Times”