 
                                    Оңтүстік Корея билігі Жапонияны халықаралық сотқа бермек. Бұған Токионың «Фукусима-1» атом электр станциясында жиналып тұрған радиоактивті суды мұхитқа төгу туралы шешімі себеп болған.
Кеше Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга үкімет отырысында қалдық суды мұхитқа төгу атом электр станциясын істен шығарудың ең оңтайлы жолы деп мәлімдеген. Оның айтуынша, процесс барысында су деңгейі ескеріледі.
Бұған Оңтүстік Корея, Қытай, сондай-ақ жергілікті балықшылардың кәсіподақтары да наразылық білдірді. Ал МАГАТЭ Жапон үкіметінің бұл шешіміне қолау білдіріп, оны атом электр станциясын қалдық судан тазарту процесіне ұқсатты.
Токио ресми мәлімдеме жасағаннан кейін Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин наразылық нотасын Жапонияның осы елдегі елшісіне табыстады. Оңтүстік Корея президенті офисінің ресми өкілі Кан Мин Сок: «Президент Мун Чжэ Ин Жапонияның атом станциясындағы зиянды суды мұхитқа жіберу туралы шешімін Теңіз құқығы жөніндегі халықаралық сотқа беру жолдарын қарастыруды тапсырды. Біздің елге бұдан қауіп өте көп. Себебі Жапония Оңтүстік Кореяға геологиялық тұрғыда ең жақын мемлекет және бізге ортақ теңіз бар», – дейді.
2011 жылы күшті жер сілкінісі мен содан туындаған цунамидің салдарынан атом электр станциясында ірі апат болып, содан бері станция қоймасындағы су мөлшері 1,25 млн тоннаға жеткен. Токио электр станциясы операторы үш реакторды судың көмегімен салқындатып келеді. Мәліметтер бойынша, қоймалардағы зиянды судың көлемі 1 миллион тоннадан асады.












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді