Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас кеңесі Қазақстанның Швейцариядағы елшісі әрі Женевадағы БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Жанар Айтжанованы ДСҰ-ның Сауда және қоршаған орта комитетінің басшысы етіп тағайындады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қазақстан өкілінің Дүниежүзі Сауда Ұйымының Сауда және қоршаған орта комитетінің басшылығына тағайындалуы Бас кеңестің Астанаға деген жоғары сенімділігі деп көрсетті. Жанар Айтжанова бұл орынға азиялық дамушы елдер тобы атынан үміткер болған. 2016 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан азиялық дамушы аймақтардың тобына кірген еді.
Әлемдік Сауда Ұйымы министрлерінің 11-ші кезекті конференциясы бүгін, 14 сәуір күні Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында аяқталады. Қазіргі таңда ұйымда әлемнің 164 елі бар.


















Отанға оралған қандас бейімделуі немесе Қандастар мен Қазақстандағы мигранттарды ақпараттық қолдау және әлеуметтік бейімдеудің медиа-стратегиясы
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
МЕШІН ЖЫЛДЫҢ ҚАРА ӨЛЕҢІ
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті