Мьянмадағы әскерилердің билікті басып алуына қарсы наразылық соңы жаппай жұмыс тастауға ұласты. Ірі қалаларда он мыңдаған наразылар көшелерді иеледі. Бұл Мьянма тарихындағы ең ірі наразылық жүрістері болып қалды.
Мьянманың әскери билігі наразылыққа шыққан халыққа қатаң ескерту жасауда. Өткен аптада наразылық шарасында кісі өлмідері де болды. Бирма қарулы күштері наразылық шарасы тарамаса кісі өлімі көбейетінін айтып қорқытуда. Екі күн бұрын болған наразылық шарасында шерушілер мен полиция арасында қақтығыс болып кемінде екі адам көз жұмды.
Әскери билік болса наразылық шарасын ұйымдастырушылар қақтығысқа итермелеп жатқанын айтты. Наразы жұрт билікті халыққа қайтаруды, елдің дауысына құрмет етуді, бұрынғы президент Аун Сан Су Чиді босатып, «Демократия үшін ұлттық лига» партиясының жетекшілерін қамаудан босатуын талап етуде. Соған қарамастан әскери биліктің Аун Сан Су Чиге таққан айыптары барған сайын көбейіп, оны қамауға алу уқыты ұзара түсті.
Халықаралық қауымдастық пен бірқатар шет мемлекеттер әскери билікті қару қолдануын айыптап, елдің легитимді бұрынғы билігін, оның жетекшілерін босатуға шақырды.
Ал, әлеуметтік желіге тарап жатқан суреттерден Мьянманың ең ірі қалаларында иінтрескен адамдардың тобы орталық көшелерді иелеп алғанын көруге болады. Сарапшылар, әскери билік халықтан мұндай салмақты қарсылық күтпегенін айтуда.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі