Елді басқарудан шеттетілген Мьянманың мемлекеттік кеңесшісі Аун Сан Су Чжиге өз қызметінде болған кезінде 600 мың доллар көлемінде пара алды деген айып тағылды. Бұл туралы Мьянма үкіметінің «Жаһандық жаңа әлем» газеті хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комиссия Аун Сан Су Чжидің бұрынғы Бас министр Янгоннан 600 мың доллар заңсыз алғанын анықтаған. Осылайша, Аун Сан Су Чжиге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңның 55-бабы бойынша қамауға алынды. Сондай-ақ, оған бүлік шығарды, импорт және экспорт туралы заңды бұзды деген айыптар тағылды.
1 ақпанда Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Мьянмада әскери төңкеріс болып, Аун Сан Су Чжидің азаматтық үкіметі биліктен кетірілген. Ел басына келгендер заңды сайланған үкіметке біраз айып таққан, бірақ Аун Сан Су Чжи жақтастары мұның бәрі ойдан шығарылған айып деп есептейді. Төңерістен бері елдің түкпір-түкпірінде әскери үкіметке қарсы наразылық болып жатыр. Көтерілісті басып-жаныштау кезінде кемінде 700 адам қаза тапты, 2600-ге тарта кісі тұтқындалды.