Дәрі-дәрмек жөнідегі Еуропалық агенттік AstraZeneca вакцинасын сынақтан өткізді. Осы аптада Еуроодақ аталған компанияның вакцинасын ортақ аймақ нарығында қолдануға рұқсат берді. Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Урсула Фон дер Ляйен мәлімдеді.
Ресми мәліметтер бойынша, жақын арада компания одаққа 400 миллион доза жеткізбек. Бұған дейін AstraZeneca вакцинасы 62-90% тиімділік көрсеткен. Екінші дозаны 4-12 аптаның ішінде салу қажет. Екпені қолданыстағы тоңазытқышта, 2-8 градус салқында сақтау керек.
АҚШ-тың Novavax компаниясы дайындап жатқан екпесінің Ұлыбританиядағы сынағы 89,3% тиімділік көрсеткен.
Pfizer-BioNTech екпесінің тиімділігі 95% деп хабарланды. Екінші дозаны 21 күні салу керек. Вакцинаны -70 градуста сақтау керек. Бұл – екпенің ең үлкен минусы. Pfizer/BioNTech екпесін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған.
Ал Moderna вакцинасының тиімділігі 95% деп жарияланды. Екінші дозаны 28 күні салу қажет. Екпені -20 градуста 6 апта сақтауға болады.
Бұған дейін Pfizer (АҚШ/Германия), Moderna (АҚШ), AstraZeneca (Ұлыбритания) екпелері сынақ кезінде жоғары тиімділік көрсеткен. Бұл үш екпе әлемнің біраз елінде, соның ішінде АҚШ пен Еуропада мақұлданып, халыққа салынып жатыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?