Социал-демократиялық партия Румыниядағы парламенттік сайлауда жеңіске жетуі мүмкін. Бұл туралы Digi 24 телеарнасы хабарлады.
Бюллетеньдердің 95%-ы өңделгеннен кейін аиалған партия 29,8% дауыс жинаған. Ал Румыния билігіне қарасты Ұлттық Либералды партия 25,11% дауыс жинады. Одақ альянсы – Бостандық, Бірлік және ынтымақтастық партиясы 14,5%, Бірлік Альянсы (8,7%) және Румыния венгрлерінің демократиялық одағы 6% дауыс жинаған.
Экзит-полдың қорытындысы бойынша Социал-демократиялық партия билік басындағы Ұлттық-либерал партиядан 0,7% айырмашылықпен алда тұр. Бірақ қазіргі премьер-министр Людвиг Орбан оның партиясы басым түсті деп санайды. Оның мәлімдеуінше, экзит-полдар шетелдегі азаматтардың дауысын есептемейді.
Сырт елдерде 4 млн румындықтың 270 мыңы дауыс берген. Сондықтан Үкімет басшысы түпкілікті ресми нәтижені күту қажет дейді.
ОСК мәліметтері бойынша, жексенбі сағат 21:00-де ел бойынша сайлауға қатысу 31,8% болған. Яғни сайлау тізіліміне енгізілген 18 миллионнан астам румындықтардың 5,8 миллионға жуығы өздерінің дауыс беру құқығын пайдаланды. Бұл – соңғы 30 жылдағы ең төмен көрсеткіш. Дауыс берушілердің келуіне коронавирус індеті әсер еткен болуы керек.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді