Тәжікстанда президент сайлауы жақындап келеді. Президент сайлауына түсетін кандидаттар атала бастады. Әдеттегідей билік партиясы Елдік-Демократтар партяисы қазіргі президенті Эмомали Шәріпұлы Рахмонды ұсынды. Оның кандидаттығын елдегі үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйымдары да қолдап шықты.
1992 жылдан бері ел билеп келе жатқан Рахмони 5-ші рет сайлауға қатысқалы отыр. Оның үстіне тәжік конституциясына сай оның президенттікке үміткер болуына шектеу жоқ.
1994 жылғы президент сайлауында 58 пайыз дауыспен жеңіске жеткен Рахмон, бес жылдан кейінгі сайлауда 98 пайыз алды делінген ресми мәліметті. 2006 жылғы сайлауда да Эмамали Рохман жеңіске жеткен, алайда сайлауда заң бұзылушылықтар болғаны мәлім болған. 2013 жылғы дауыс беру нәтижесі 84 пайыз дауыс жиған. Бұдан бес жыл бұрын оған «Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін салушы Ұлт Лидері» деген ресми атақ беріліп, елдегі шартсыз билік иесі болып қалған.
Кезекті сайлауда Тәжікстандағы ресми бірнеше партияның өкілдері қатысқан. Алайда, Тәжікстан Демократиялық партиясының үкіміткері тіркелмеген. Сарапшылардың пікірінше, президент сайлауының нәтижесі қазірден белгілі, талапкерлер арасында қазіргі президентке лайықты қарсыластар жоқ.
Тәжікстанда президент сайлау 11 қазанда өтеді. Қазіргі президент басшылық еткен Елдік-демократтар партиясының мүшелер саны 500 мыңға жуық. Елде сайлаушылар саны 5 миллион адамға жетпейді. Демек, билік партиясының мүшелері жалпы дауыс беруге құқылы тәжікстандықтардың 10 пайызын иелейді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес