Google компаниясының қызметкерлері 2021 жылдың шілдесіне дейін қашықтан жұмыс істейді. Бұл туралы ЕРА агенттігі хабарлады.
Компания басшысы жуырда осындай шешім қабылдады. Мәліметтер бойынша, Google-дің АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан мен Бразилиядағы кеңселеріндегі шамамен 200 мыңға жуық қызметкері үйлерінде отырып жұмысын жалғастырады. Эпидемиологиялық ахуал тұрақталған Австралия мен Грекиядағы кеңселер біртіндеп ашыла бастады.
Global Workplace Analytics компаниясының сарапшысы Кейт Листердің айтуынша, коронавирустың таралуына байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшу бірқатар компаниялардың жұмыс принциптерін түбегейлі өзгертеді. Қашықтан жұмыс істеуге көшкен ең ірі IT компаниялары қатарында Facebook, Amazon, Alibaba, Twitter, Slack және Microsoft бар.
Superjob ұсынған деректерге сүйенсек, ақпанда онлайн жұмыс істеу функциясына қызығушылық танытқандар саны орта есеппен 2,3 есеге артқан. Ал қашықтағы жұмысқа деген сұраныс 1,6 есе өсті. Пандемия кезінде бухгалтерлер мен бастап IT мамандары, сату менеджерлері мен журналистерге дейін онлайн қызметке көшкен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді