Былтыр коронавирус пандемиясы ел экономикасына ауыр соққы болды. Корпоративтік сектор мен шағын-орта бизнес саласы ең көп шығынға ұшырады. Салдарынан экономика белсенділігі әлсіреді. Шағын кәсіпкерлер жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Finprom.kz сайтының зерттеуіне қарағанда, кейінгі жарты жылда белсенді саналатын 5 мың шағын бизнес өкілдері жабылып қалған.
2021 жылғы қаңтарда іскерлік белсенділік индексі 48,4 пунктке дейін төмендеген. Индекс жыл бойы теріс мәнді көрсетіп тұр. Кәсіппен айналысудың шарттары да нашарлады – көрсеткіш -1,9-дан -2,6-ға құлдыраған.
Дағдарыс тудырған бірқатар мәселелердің себебінен, атап айтқанда қаржы айналымының іркілуінен және тиімді несиелендірудің жетіспеуінен шағын кәсіпкерлер қызметін тоқтатты. Жұмыс істеп тұрған шағын бизнестің ең көп кезі былтырғы шілде айында байқалған. 164,3 мың кәсіпкер. Ал биыл қаңтарда 159,7 мыңға дейін, яғни 2,8%-ға кеміген.
Жұмыс істеп тұрған мыңдаған кәсіпкердің нарықтан кеткенімен қоймай, сонымен қоса белсенділігі әлсіреп, уақытша ісі тоқтап тұрған кәсіпорындардың қатары артқан. Бір жылда олардың саны 120,5 мыңға дейін, яғни 23,3%-ға өскен.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы