Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Халықаралық олимпиада комитетіне (ХОК) 2020 жылғы Олимпиада ойындарын келер жылы өткізуді ұсынды.
Синдзо Абэ ХОК президенті Томас Бахтың әлемге таралған коронавирус індетіне байланысты Олимпиада ойындарын келесі жылға қалдыру туралы ұсынысты қабылдағанын мақұлдады. 2020 жылғы Жазғы Олимпиада Токиода 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі керек еді.
Екі тараптың келісімімен Олимпиада ойындары келесі жылға қалды.
«Олимпиада ойындары міндетті түрде өтеді. Спортшылар жарысқа жақсы формада келуі үшін және көрермендердің қауіпсіздігі үшін біз Олимпиада ойындарын шамамен бір жылға кейінге қалдыру туралы мәселені қарастыруды ұсындық», – деді Абэ.
«Қазіргі уақытта ДДҰ-ның бүгінгі ақпаратына сүйене отырып, ХОК президенті және Жапония премьер-министрі Токио Олимпиадасын бір жылға кейінге шегеру керек, бірақ 2021 жылдың жазынан кешіктірмей өткізу керек деп тұжырым жасады», делінген ХОК-тың веб-сайтындағы хабарламада.
Айта кетейік, COVID-19 індетінің кең таралуына байланысты бірқатар спорттық жарыстар уақытша тоқтатылды. Бұған дейін Австралия, Канада және Норвегия құрамалары егер Олимпиада ойындарын кейінге шегермесе қатысудан бас тартатынын айтқан болатын.
Сақбек Майя


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді